Мұнай бағасы арзандады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай бағасы арзандады

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында қаңтарда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,13 долларға төмендеп, 72,62 долларды құрады.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,55 долларға арзандап, 63,14 доллар болды.