08:05, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Мұнай бағасы арзандай түсті
АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат -Тамыздың 31-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы арзандай түсті. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 3,14 долларға арзандап, 69,65 доллар/баррельді құраса;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін- 2,78 долларға арзандап, 69,96 доллар/баррельді құрады.