Мұнай бағасы барреліне 102 долларға жетті

АНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - Brent мұнайының ресми бағасы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электрондық тауарлық биржасында
None
None

2011 жылдың 9 ақпанындағы сауда қорытындысы бойынша 1,90 долларға өсіп, барреліне 101,82 долларды құрады, деп хабарлайды bnews.kz. Сол орайда, WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы Нью-Йорк қаласындағы New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасында 0,23 долларға төмендеп, 86,71 долларды құрады.

Баға белгілеудің нығаюына Мысыр және басқа араб елдеріндегі ахуал себепкер болып тұр. 9 ақпанның кешінде Мысырдағы ахуал қайтадан ушықты.

Бағаға ықпал еткен тағы да бір жәйт Мексика шығанағындағы «Посейдон» мұнай құбырын қамтамасыз ететін платформада мұнай өндірудің тоқтатылуы болып саналады. Нәтижесінде, мұнай құбырындағы өткізу көлемі күніне 300 мың баррель өткізу қабілетінің үштен біріне төмендеді.

Соңғы жаңалықтар