Мұнай бағасы едәуір көтерілді

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1 желтоқсандағы сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы бірден 2,64 долларға қымбаттап,

Мұнай бағасы  едәуір көтерілді

86,75 доллар/баррелді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Ал Лондон биржасында Brent мұнайының бағасы 2,95 долларға қымбаттап, 88,87 доллар/баррелді шамалады.

Осылайша, кеше ғана күрт құлдыраған нарық қайтадан өсіп отыр.

Жақында ғана, 29 қарашада мұнай бағасы осылай күрт көтерілген болатын. Сарапшылардың айтуынша, оған бірқатар фактілер, атап айтқанда АҚШ-тың оң макростатистикасы, АҚШ пен Еуропадағы ауа райының суыту ықтималдығы туралы болжамдар және Ирландияның көмек пакетінің мақұлдануы сияқты фактілер негіз болған.