Мұнай бағасы едәуір қымбаттады
АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 2-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet мұнайының ресми бағасы 2,39 долларға қымбаттап,
81,34 доллар/баррельді құрады.
Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 2,64 долларға көтеріліп, 80,82 доллар/баррельге жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.