Мұнай бағасы едәуір төмендеді

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Сейсенбі, 30 қараша күні әлемдік нарықтардағы мұнайдың бағасы едәуір төмендеді.

Мұнай бағасы  едәуір төмендеді

Сарапшылар мұны Еуроодақтағы қарыздар дағдарысының ушығуымен байланыстырып отыр, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың қаңтар фьючерстерінің бағасы сауда қорытындысы бойынша 1,42 долларға төмендеп, 85,92 доллар/бағаны құрады. Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil мұнайының қаңтар фьючерсінің бағасы 1,62 долларға арзандап, 84,11 баррель/мұнайды шамалады.