Мұнай бағасы Каддафи билігімен қоса құлдырауда

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 22 тамызда танымал әлемдік сауда алаңдарында бүлікшілер Триполи қаласын басып алып, Муамар Каддафидің билігі шегіне жетті деген хабардан кейін, мұнай бағасы төмен қарай құлдырауда,

Мұнай бағасы Каддафи билігімен қоса құлдырауда

деп жазады BFM.

WTI (Light Sweet) маркалы америкалық жеңіл мұнайға деген қыркүйектік фьючерстердің бағасы Нью-Йорктегі Comex биржасында Мәскеу уақыты бойынша 10:29-да 0,78 долларға арзандап, барреліне 81,48 долларды құрады. Мәскеу уақыты бойынша 10:28-де Brent маркалы солтүстіктеңіз мұнай қоспасының бағасы 2,9 долларға арзандап, барреліне 105,72 долларға жетті.

«Егер Каддафи режимі құлайтын болса, Brent бағасы да төмендейтін болады, себебі ливиялық мұнайды жеткізудегі кідіріс енді өз шешімін табады», - деген пікірімен бөлісті Purvin & Gertz инвестициялық компаниясының серіктесі Виктор Шум Dow Jones Newswires агенттігіне берген сұхбатында.