Мұнай бағасы қатты арзандап кетті

ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК.   Шілденің 3-і. ҚазАқпарат -   Бейсенбі,  шілденің 2-сі күні әлемдік нарықтардағы мұнай бағасы қатты арзандап  кетті,     сарапшылардың  пайымдауынша, оған   әлемдік   экономиканың   қалпына келу  үдерісіне кедергі келтіруі   мүмкін   АҚШ-тағы  еңбек    нарығының  жағдайы  туралы     көңіл көншітпей  отырған    мәліметтер   себеп  болып отыр, 
None
None

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Utro.ru сайтына  сілтеме   жасап.

Нью-Йорк   биржасында   Light Sweet Crude Oil маркалы  мұнайдың  тамыз айындағы  фьючерстерінің     құны   2,58   долларға арзандап,   66,73 доллар/баррельді құрады.

Ал  Лондон биржасында Brent Crude Oil  мұнайының    тамыз   айына жасалған  фьючерстерінің  бағасы, кешегі сауданың  қорытындысы  бойынша,   2,14 долларға арзандап,  66,65 доллар/баррельге  дейін құлдырады.

Соңғы жаңалықтар