Мұнай бағасы қайта арзандады
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, ақпанның 15-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік бағасы қайта арзандады.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін 0,39 долларға арзандап, 72,51 долларды құрады.
АҚШ-та ақпанның 15-і күні, Президенттер күнінің тойлануына байланысты биржалар жұмыс істеген жоқ. Ал ақпанның 12-сіндегі сауда қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,15 долларға арзандап, 74,13 доллар/баррельді құраған болатын.