09:45, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Мұнай бағасы қайта арзандады
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында сәуірдің 7-сі күні өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік бағасы төмендеді,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,56 долларға арзандап, 85,59 доллар/баррелді құраса, Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін -0,96 долларға арзандап, 85,88 доллар/баррелді шамалады.