Мұнай бағасы қайтадан қымбаттай бастады
АНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл тауар биржасындағы WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 2010 жылдың 13 желтоқсаны күні өткен сауда қорытындысы бойынша 0,82 долларға өсіп, 88,61 доллар/баррелді құрады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасындағы Brent мұнайының ресми бағасы 0,71 долларға қымбаттап, 91,19 доллар/баррель болды.