Мұнай бағасы кезекті мәрте екі жылдық максимумды жаңартты
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 23 желтоқсаны күнгі сауда қорытындылары бойынша мұнайдың әлемдік бағасы артуын жалғастырып, өзінің екі жылдағы ең көп мөлшерін кезекті рет жаңартты.
2010 жылғы 23 желтоқсан күні Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел сауда биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,03 долларға қымбаттап, 91,51 доллар/баррелді құрады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Лондон биржасындағы қара алтынның бағасы бұдан сәл төмен мөлшерде артты. 2010 жылдың 23 желтоқсаны күнгі InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды сауда биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,6 долларға қымбаттап, 94,25 доллар/баррелге жетті.