Мұнай бағасы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Дүйсенбі күні Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағалары өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мұнай бағасы көтерілді

Атап айтқанда, Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,16 долларға көтеріліп, 80,76 долларды құрады. 

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,44 долларға өсіп, 71,78 долларды құрады.