Мұнай бағасы көтеріліп келеді

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни бейсенбіде мұнай бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай бағасы көтеріліп келеді

Оған Investing.com сайтындағы биржалық сауда деректері дәлел. Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерс бағасы ICE Futures Лондон биржасында қазіргі уақытта барреліне $30,24 болып тұр. Бұл алдыңғы сессияның жабылу кезіндегі бағасынан $1,04-ға (3,56%) артық. Ашылу кезінде Brent барреліне 29,41 долларға саудаланды, бұл жабылу кезіндегі ($29,19) сауда дәрежесінен 22 центке жоғары.