Мұнай бағасы Ливиядағы тәртіпсіздіктер аясында қайта қымбаттады

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 4 наурызындағы сауда қорытындысы бойынша Нью-Йорк қаласындағы New York Mercantile Exchange (NYMEX) шұғыл тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 2,51 долларға көтеріліп, барреліне 104,42 долларды құрады, деп хабарлайды РБК.

Мұнай бағасы Ливиядағы тәртіпсіздіктер аясында қайта қымбаттады

Inter Continental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,18 долларға көтеріліп, барреліне 115,97 долларды құрады.

Ірі «қара алтын» экспортері Ливиядағы қақтығыстардың жалғасуына байланысты мұнай бағасы әлемдік нарықта қымбаттауын жалғастыруда.