Мұнай бағасы одан әрі көтерілді

АНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 2 ақпандағы сауда қорытындысымен Лондонның InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,60 долларға өсіп, 1 баррелі 102,34 долларға жетті, деп хабарлады РБК агенттігі.

Мұнай бағасы одан әрі көтерілді

Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange (NYMEX) тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,9 долларға көтеріліп, баррелі 90,86 доллар құрады.