Мұнай бағасы өсе бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк биржаларындағы электрондық сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді. Саудадағы мәліметтер осыған дәлел, деп хабарлады Gazeta.ru.

Сәуір айының фьючерстерінде WTI маркілі мұнайдың бағасы Нью-Йорк тауарлы биржасында (NYMEX) 3,78% өсіп, бір баррелінің құны $37 құрады.

ICE Futures лондондық биржасында Brent маркілі мұнай 3,15% қымбаттап, бір баррелінің бағасы $40,90 құрады.

Соңғы жаңалықтар