Мұнай бағасы өсе бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та мұнай қорының төмендегені туралы Америкалық мұнай институтының (API) мәліметтері мен АҚШ Энергия министрлігінің мағлұматтары жарияланғаннан кейін сәрсенбі күні мұнай бағасының өсімі байқалды.
Астана уақытымен сағат 10.50-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнай баррелінің маусым фьючерстерінің бағасы 1,98% - 38,62 долларға дейін өсті. WTI маркалы мұнай баррелінің мамыр фьючерстерінің құны 2,73% - 36,87 долларға дейін өсті, деп хабарлады РИА Новости.