Мұнай бағасы өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдегі бағасы өсіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» қорының көбеюі оның құнының артуын шектеуі мүмкін.

Мұнай бағасы өсіп келеді

Мәскеу уақытымен сағат 07.22 жағдай бойынша наурыз фьючерстерінде Brent маркілі мұнай баррелі 0,64% , яғни 59,93 долларға қымбаттады. Наурыз фьючерстерінде WTI мұнайының бір баррелінің бағасы 1,21% - 51,09 долларға дейін өсті, деп жазды РИА Новости.

Сарапшылар атап өткендей, мұнай бағасы АҚШ-тағы «қара алтын» қорының ұлғаюына байланысты өзгереді. Елдің энергетика министрлігінің мәліметіне сай 30 қаңтарда аяқталған бір апта ішінде мемлекеттегі мұнай қоры 80 жылдағы ең жоғары деңгейге 6,3 миллион баррельге, яғни 413,1 миллион баррельге дейін көтерілді.