Мұнай бағасы өсу үстінде

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 20 желтоқсанындағы сауда қорытындысы бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасындағы Brent мұнайының ресми бағасы 1,07 долларға артып, 92,74 доллар-баррелге жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Мұнай бағасы өсу үстінде

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасындағы WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 0,79 долларға артып, 88,81 доллар-баррелді құрады.