Мұнай бағасы рекордқа бет алды
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында тамыздың 21-інде өткен сауда-саттықтың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы да көтерілді. Алдағы айдағы мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 0,86 долларға қымбаттап, 74,19 доллар/баррельді құраса;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 0,98 долларға қымбаттап, 73,89 доллар/баррельге жетті. Осылайша, Нью-Йорк тауарлы биржасындағы сауданың қорытындысы ағымдағы жылы рекорд орнатып отыр.
Мұнай бағасының өсуіне FOREX нарығында еуроға және басқа да жетекші әлемдік валюталарға қатысты доллар бағамының шамалы төмендеуі, сондай-ақ Еуропада акциялар нарығындағы жағдайдың тұрақтылығы себеп.
Бағаның өсуіне «терең құлдыраудан кейін әлемдік экономиканың беті бері қарай бастағанын» мәлім еткен АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесінің басшысы Бен Бернанке де өз үлесін қосып отыр.