Мұнай бағасы соңғы 4 айдағы ең жоғары деңгейге жетті
МӘСКЕУ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат – Жетекші мұнай биржаларында наурыздың 26-сы күні өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы біршама көтерілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,71 долларға көтеріліп, 53,46 доллар/баррельді құраса; -Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін ? 1,57 долларға көтеріліп, 54,34 доллар/баррельге жетіп отыр. Соңғы рет мұнай баррелінің бағасы мұншалықты жоғары деңгейге 2008 жылы қарашаның 28-інде көтерілген болатын. Талдаушылар кешегі бағаның өсуін немен байланыстырарын білмей отыр. АҚШ-та экономикалық дағдарыс белең алуда, экономикалық даму қарқыны ушығып бара жатыр, жұмыссыздық өсуде. Сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының бұл өсуі - уақытша үрдіс.