11:27, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Мұнай бағасы тағы арзандады
ЛОНДОН-НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 16-сында өткен сауда қорытындысы бойынша Лондон биржасында мұнай бағасы тағы 1,5 доллардан астамға арзандады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Лондон биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстік ресми бағасы 43,28 доллар/баррельді (-1,53) құрап отыр. АҚШ-та Джордж Вашингтонның туған күніне орайластырылған Президенттер күніне орай, Нью-Йорк биржасында сауда өткізілген жоқ.Сарапшылардың пікірінше, «қара алтын» бағасының арзандауына бұл жолы - АҚШ пен Қытайдан кейінгі энергоресурстың әлемдік үшінші тұтынушысы - Жапониядағы жайсыз экономикалық статистика себеп болуы мүмкін. Өткен жылдың төртінші тоқсанында Күншығыс елінде экономикалық құлдырау көрсеткіші 1974 жылдан бергі ең төмен деңгейге жеткен. Осынадй мәліметтер мұнайға деген жаһандық сұраныстың құлдырау қарқыны туралы болжамдарды ушықтырып отыр.