Мұнай бағасы тағы да көтерілді
АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында шілденің 27-ісі өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы көтерілді.
Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы:
- Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 70,81 (+0,49) доллар/баррельді;
- Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 68,38 (+0,33) доллар/баррельді құрады.