Мұнай бағасы тағы да төмендеді

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта сұраныстың азаюы салдарынан АҚШ-та мұнай өнімдері қорының өскені туралы хабарға байланысты сәрсенбі, қаңтардың 27-сінде мұнайдың әлемдік нарықтардағы бағасы 1 доллардан астамға арзандады,

Мұнай бағасы тағы да төмендеді

деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Атап айтқанда, Лондон биржасында Brent Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,05 долларға арзандап, 72,24 доллар/баррельді құраса, Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың бағасы 1,04 долларға арзандап, 73,67 доллар/баррельді құрап отыр.