Мұнай бағасы тағы төмендеді
Ал Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,84 долларға арзандап, 121,61 доллар/баррелді құрады.
Мұнай фьючерстері бағасының төмендеуіне олардың техникалық сатылымы себеп болып отыр. Оған қоса, ІІ тоқсанда мұнай өңдеу көлемінің маусымдық қысқаратындығына байланысты әлемдік нарықта мұнайдың артық қорының қордаланып қалу ықтималдығына қатысты алаңдаушылық да бағаға өз әсерін тигізіп отыр.
Әлемдік нарықта мұнай ұсынысының шамадан артық болу ықтималдығына алаңдаған Сауд Арабстаны 2011 жылдың наурыз айында өз мұнай өндірісін тәулігіне 8,3 миллион баррельге дейін қысқартты. Ақпан айында бұл көрсеткіш тәулігіне 9,1 миллион/баррелді құраған-тын. Дегенмен, нарықты тыныштандырып, мұнайдың жоғары бағасын сақтап қалуға жалғыз Саудияның шамасы жетпей отыр.