Мұнай бағасы төмендеді

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында ақпанның 23-інде өткен сауданың қорытындысы бойынша «қара алтынның» әлемдік бағасы төмендеді,
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Алдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің ресми бағасы: Лондон биржасында - IPE Brent Crude маркалы мұнай үшін - 1,36 долларға арзандап, 77,25 доллар/баррельді құраса; Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай үшін - 1,45 долларға төмендеп, 78,86 доллар/баррельді құрады.

Соңғы жаңалықтар