Мұнай бағасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 4 наурыздағы сауда-саттық қорытындысымен Нью-Йорктің тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,59 долларға төмендеп, баррелі 103,33 доллар болды, деп хабарлады РБК.
Лондондағы электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,90 долларға арзандап, баррелі 109,30 долларға жетті.