Мұнай бағасының өсуі жалғасуда

АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 20-желтоқсанындағы сауда қорытындысы бойынша Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,07 долларға көтеріліп, барреліне 92,74 долларды құрады, деп хабарлайды РБК.

Мұнай бағасының өсуі жалғасуда

Сауда қорытындысы бойынша Лондондағы InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 0,79 долларға өсіп, барреліне 88,81 долларды құрады.