Мұнай баррелі 90 долларға дейін қымбаттады

АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2010 жылдың 2 желтоқсанындағы сауда қорытындысы бойынша InterContinental Exchange Futures Europe (IСE Futures Europe) электронды тауар биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 1,82 долларға көтеріліп, барреліне 90,69 долларды құрады,

Мұнай баррелі 90 долларға дейін қымбаттады

деп хабарлайды РБК.

Нью-Йорктегі New York Mercantile Exchange (NYMEX) жедел тауар биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 1,25 долларға көтеріліп, барреліне 88,00 долларды құрады.

Қытай мен АҚШ туралы күшті макроэкономикалық деректерден қуатты қолдау алған мұнай бағасы күндіз айтарлықтай өсті. Бағаның өсуіне доллардың әлсіреуі ықпал етті.