Мұнай баррелінің бағасы 20 долларға дейін түсуі мүмкін

МӘСКЕУ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Мұнай баррелінің бағасы 20 долларға дейін құлдырауы мүмкін.
None
None
Венесуэланың мұнай министрі, ОПЕК-тің бұрынғы бас хатшысы Әли Родригес осындай болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РСН агенттігіне сілтеме жасап. «Біз әлемдік мұнай рыногындағы баға белгілеудің түрлі нұсқаларын қарастырып жатырмыз. «Қара алтын» бағасының 20 долларға дейін құлдырау ықтималдығын да жоққа шығармаймыз», деп мәлім етті Родригес венесуэлалық басылымға берге сұхбатында. Жұма күнгі сауда қорытындысы бойынша Лондон биржасында мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы - 46 доллар/баррельді, Нью-Йорк биржасында 40 доллар/баррельді құрады.
Соңғы жаңалықтар