07:53, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Мұнай баррелінің бағасы 45 доллардан асты
ЛОНДОН/НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Отынның ұлттық қорының күрт қысқаруы туралы АҚШ үкіметінің мәліметтеріне және инвесторлардың ОПЕК елдерінің «қара алтын» өндірісін әрі қарай қысқартуын күтуіне байланысты,
кеше ақпанның 26-сы күні әлемдік рыноктардағы мұнай бағасы 6 пайыздан астамға көтерілді. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Лондон биржасында өткен сауданың қорытындысы бойынша, Brent Crude Oil маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 2,22 долларға қымбаттап, 46,51 доллар/баррельге жетті. Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 2,72 долларға көтеріліп, 45,22 доллар/баррельге жетті.