11:47, 02 Қазан 2010 | GMT +5
Мұнай баррелінің бағасы 80 доллардан асты
АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Мұнай бағасы осымен үшінші күн қатарынан қымбаттап отыр, қазанның 1-індегі саудада «қара алтынның» бағасы 80 доллар/баррельден асты, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Атап айтқанда, IСE Futures Europe электрондық тауарлы биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,44 долларға көтеріліп, 83,75 доллар/баррельды құраса, Лондон биржасында «қара алтынның» бағасы шамалы ғана көтерілді.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 1,61 долларға қымбаттап, 81,58 доллар/баррелді шамалады.
Қытай мен АҚШ-тан жеткен статистикалық мәліметтер мұнай нарығына оң әсерін тигізіп отыр. ОПЕК-тің мүшесі болып табылатын Эквадорда мемлекеттік бүлік жасау әрекетіне байланысты төтенше жағдайдың жариялануы да нарыққа қолдау болған.