09:45, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Мұнай баррелінің бағасы 80 доллардан төмен түсті
А. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Мамырдың 5-індегі сауданың қорытындысы бойынша Лондон биржасында Brent мұнайының ресми бағасы 3,06 долларға төмендеп, 82,61 доллар/баррелді құрады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Ал Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 2,77 долларға арзандап, 79,97 доллар/баррелді шамалады.
Бағаның төмендеуіне әлемдік валюталық нарықтағы АҚШ долларының нығая түсуі, сондай-ақ АҚШ Энергетика министрлігінің елдегі мұнай қоры бойынша ақпараты негіз болып отыр. Атап айтқанда, АҚШ-та шикі мұнайдың коммерциялық қоры сәуірдің 24-30-ы аралығында 2,8 миллион долларға артып, 360,6 миллион баррелді құраған. Ал сарапшылар аталған аптада мұнайдың қоры небәрі 1,1 миллион баррельге ғана өседі деп күткен болатын.