Мұнай былтырғы қарашадағы бағадан максимумға дейін қымбаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эталон маркалы мұнайға баға дүйсенбі, 6 маусымда Нигериядан келетін мұнайдың іркілуіне байланысты өткен жылғы қарашадағы максимумға дейін өсті.

Мұнай былтырғы қарашадағы бағадан максимумға дейін қымбаттады

Лондондық ICE биржасында Brent Мәскеу уақыты бойынша сағат 19:20-да барреліне 50,51 долларды құрады. Нью-Йорк сауда биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайға барреліне баға 49, 56 долларды құрады.
Нигериядан мұнай жеткізу өткен аптада ExxonMobil Que Iboe терминалында содырлардың шабуылы салдарынан бөгелген. Соңғы аптада Нигерия мен Канададан мұнай жеткізу проблемалары нарықтағы мұнайдың тәулігіне үш миллионнан астам баррелге қысқаруына себеп болды, деп жазды Лента.ру.