Мұнай, газ, химия саласы жобаларына салықтық және кедендік ынталандыру шаралары қаралады
АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет басшысы Олжас Бектенов биыл 1 шілдеге дейін химия және мұнай-газ химиясы жобаларын салықтық және кедендік ынталандыру бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

— Стратегиялық инвесторларды тарту көбіне инвестициялық ахуалдың сапасына және саланың даму жағдайына байланысты. Ұлттық экономика министрлігі Энергетика министрлігі және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге биыл 1 шілдеге дейін Үкіметке химия және мұнай-газ химиясы жобаларын салықтық және кедендік ынталандыру бойынша нақты шаралар мен ұсыныстар енгізуді тапсырамын, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Премьер-министр полипропилен өндірісінің жоспардан тыс тоқтап қалуы алаңдаушылық танытты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде мұнай-газ-химия өнеркәсібі туралы заң жобасы әзірленіп жатыр.
Одан бөлек Премьер-министр елімізден химия өндірісі шикізатының 45% экспортқа терең өңделмей шығарылатынын айтып, дайын өнімді шығару керектігін ескертті.
Айта кетейік, елімізде мұнай-газ саласын дамытудың жол картасы аясында 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.