Мұнай-газ химиясын дамыту: жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ЭМ Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры Темірлан Үркімбаев елімізде мұнай-газ химиясы саласын дамыту үшін жаңа заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлім етті.

"Орталық Азия - Қытай" энергетикалық форумы
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Энергетика министрлігі 6 айдан бері мүдделі тараптармен, оның ішінде «ҚазМұнайГаз» АҚ, «KazEnergy» қауымдастығы, мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы, сондай-ақ мемлекеттік органдармен бірлесіп «Мұнай-газ химия өнеркәсібі туралы» Заң жобасын әзірлеп жатыр.
Заң жобасының мақсаты — мұнай-газ химиясын дамыту үшін ашық әрі тиімді құқықтық негіз құру, — деді ол Power Central Asia + China өңірлік энергетикалық форумында.

Сондай-ақ департамент басшысы заң жобасы қабылданса, салаға қандай пайда беретінін атап өтті. 

— Заң жобасында кәсіпорындардың шикізат базасына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, қажетті инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде қаржыландыру, субсидиялау және салықтық жеңілдіктер қолдану шаралары көзделген, — деді Темірлан Үркімбаев.

Елімізде 2029 жылға дейін 1,6 мың км жылу беру желісі жаңғыртылады.

2029 жылы қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен зауыты іске қосылады.

Сондай-ақ Темірлан Үркімбаев елімізде мұнай-газ химиясы саласында атқарылып жатқан бірқатар маңызды жобаны атады

Соңғы жаңалықтар