Мұнай-газ өндіру саласындағы машина жасауды дамыту елімізде 30-40 мың адамды жұмыспен қамтиды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай-газ өндірудегі машина жасау саласының кең ауқымды дамуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Тимурлан Алтаев айтты.
«Бүгінде мұнай газ саласы бюджеті - белгілі, даму ырғағы бірқалыпты, барынша инвестициялық тартымды сала. Біз жуырда «Теңізшевройлмен» өте тиімді келіссөздерге қол жеткіздік. Нәтижесінде, бірлесе отырып мұнай-газ өндіруге арналған машиналар жасайтын кәсіпорындар ашуға келістік. Яғни, жарты немесе бір жылдан соң бұрын-соңды елімізде шығарылып көрмеген техникалар шыға бастайды», - деді Т.Алтаев.
Оның айтуынша, аталған салады 30-40 түрлі зат шығарылады, соның ішінде мұнай құятын ыдыстар, құбырлар мен бұрғылау құрылғылары да бар.
«Шамамен 30-40 мың жұмыс орны ашылады. Яғни біз дұрыс бағытпен жылжып келе жатырмыз деп айтуға болады», - деді ол.