Мұнай-газ саласындағы біліктілік жүйесін жаңарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін «Мұнай және газды барлау мен өндіру» бағыты бойынша Салалық біліктілік шеңбері мен Кәсіптік стандарттарды жаңарту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мұнай-газ саласындағы біліктілік жүйесін жаңарту жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Фото: Энергетика министрлігі

Отырысқа Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты. Вице-министр мұнай-газ саласындағы кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

— Бүгінгі отырыс — біздің мұнай-газ саласындағы кәсіптік стандарттарды жетілдіру мен біліктілік жүйесін жаңартудағы маңызды кезең, — деп атап өтті Әлібек Жамауов.

Отырыста Kazenergy қауымдастығының атқарушы директоры, Салалық кеңестің төрағасы Ләззат Ахмурзина жетекшілік ететін жұмыс тобының ақпан айында атқарған жұмысы туралы есеп ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша хаттама бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді. Бұл саладағы өзара ынтымақтастық пен бірліктің нақты көрінісі. Сонымен қатар, вице-министр Салалық біліктілік шеңбері мен Кәсіптік стандарттарды жаңарту жаңарту жұмыстары 2025 жылға арналған Салалық кеңестің бекітілген жоспары аясында жалғасатынын айтты.

— Біз әрбір маманның еңбегін жоғары бағалаймыз және олардың жұмысының маңыздылығын жете түсінеміз, — деді вице-министр.

Отырыста, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, Энергетика министрлігі жанындағы «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ мамандары қатысып, сөз сөйледі. ОЭКАТО СБШ-дағы деректердің жаңартуларын жұмыс тобының талқылауына ұсынды. Вице-министр сөз соңында жұмыс тобы мүшелеріне, сала мамандарына алғыс айтып, алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетелік Қазақстан мен Ұлыбритания энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтады.

Соңғы жаңалықтар