Мұнай-газ саласындағы қазақстандық және шетел жұмысшыларының жалақысы 2015 жылдың соңына дейiн теңестiрiледi
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Мұнай-газ саласындағы қазақстандық және шетел жұмысшыларының жалақысы 2015 жылдың соңына дейiн теңестiрiледi. Бұл туралы бүгiн Астанада Қазақстан кәсiподақтары федерациясының төрағасы Әбiлғазы Құсайынов мәлiм еттi.
"Қазақстанда мұнай-газ саласындағы қазақстандық және шетел жұмысшыларының жалақысын теңестiру өзектi мәселе болып тұр. Бұл сұрақпен Бас прокуратура биыл өте қарқынды және жеке-жеке айналысты. Жалақыны теңестiрген кәсiпорындар да бар, отандық заңнама оны шешуге қауқарлы. Кейбiр нақтылайтын нормалар заңнамаға енгiзiледi. Аталмыш мәселемен айналысатын ұжым құрылған. Алдағы 1-2 жылдың iшiнде барлық мәселелер шешiледi деп ойлаймын", - дедi Ә. Құсайынов.