Мұнай-газ секторын ұзақ мерзімді дамыту үшін салаға 20 трлн.доллар қажет болмақ

АСТАНА.  3 қазан. ҚазАқпарат -  Мұнай-газ секторын ұзақ мерзімді дамыту үшін салаға алдағы 20 жыл ішінде 20 трлн. доллар қажет болады.
None
None

Бұл туралы бүгін  Дүниежүзілік мұнай кеңесі мәжілісінен кейінгі баспасөз мәслихатында ДМК президенті Ринато Бертани мәлім етті.

«Әлемде капитал бар. Атап айтқанда, мұндай қаржы әлем қоржынында жинақталған. Алайда, инвесторлар саяси, келісімшарттық және фискальдық тұрақтылықты көрген жерлерде жобалар бойынша капиталдарды үлестіру кезінде өздерінің басымдықтарын көздейтін болады",-деді ол.

Соңғы жаңалықтар