Мұнай-газ секторының қазақстандық жеткізушілері консорциумдарда шетелдіктермен жұмыс істей алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай-газ секторының қазақстандық жеткізушілері консорциумдарда шетел жеткізушілерімен жұмыс істей алады. Бұл туралы «NADLoG» ұлттық жергілікті қамтуды дамыту агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Қайрат Бектүргенев Астанада өткен «Жергілікті қамтуды дамыту және интеграциялық үдерістер» сараптамалық семинары барысында айтты.
«Мұнай-газ секторындағы біздің компаниялар консорциумда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей алады. Бүгінгі барлық осы ақпарат біздің сайтта бар, оны біздің ірі операторларымыздан алдық. Бұл шетел жеткізушілерінің тізбесі. Яғни, егер компанияларымыздың тәжірибесі жетіспей жатса, операторлар оларға консорциумға кіруге, стандарт, жабдық бойынша жұмысты алуларына мүмкіндік туғызады, егер мүмкіндіктер жетіспей жатса, оларға топқа қатысуға рұқсат береді», - деді К. Бектүргенев.
Оның айтуынша, 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта мұнай-газ секторының үлесі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінен шамамен 32 пайызды құрайды. 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта 2 триллион теңгеге сатып алу жүзеге асырылды. Бұл ретте, қазақстандық тауарларды сатып алу үлесі төмен, ал жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу үлесі 80-90 пайызға жетеді.
К. Бетктүргеневтің айтуынша, бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігін білдіреді. Агенттік басшысы ерте тендерлер өткізетін «Теңізшевройл» және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» жұмысының оң тәжірибесін атап өтті. Бұл компаниялардың қазақстандық өндірушілерге жәрдемі тиюде. Бектүргенев Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдайтынын атап өтті. Атап айтқанда, «2020-Өнімділік - бағдарламасы бар, бұл өндірушілерге шығын бөлігіне өтем алуға мүмкіндік беретін аспаптар кешені. Мысалы, «NADLoG» агенттігі халықаралық таураларды сертификаттау үшін шығын бөлігінің орнын толтырады.