Мұнай компаниялары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай келеді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. Маусымның 25-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Мұнай өндіру саласындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау салдарынан 2008 жылда мұнай кәсіпорындарында 15 өрт оқиғасы орын алды. Бұл туралы бүгін  төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жою жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт қызметі комитетінің төрағасы Серік Әубәкіров мәлімдеді,

Мұнай компаниялары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай келеді - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, орын алған өрт оқиғалары кезінде 3 адам мерт болды. «Ағымдағы жылдың тек бес айы ішінде ғана мұнай өндіру компанияларында 3 өрт оқиғасы тіркеліп, осының нәтижесінде 2 адам қаза болды», - дейді С.Әубәкіров.

Комитет төрағасы атап көрсеткендей, жыл басынан бері мұнай саласындағы өрт қауіпсізідігін сақтамау бойынша 647 заң бұзу фактілері тіркелді. Мұнай компанияларының 15 заңды және 157 лауазымды тұлғасына айыппұлдар салынды.