Мұнай көп өндіретін елде битумның тапшы болуы ұят жағдай – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке битум тапшылығын тездетіп шешуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады. Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек», - деді Президент.

Айтуынша, бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр.

«Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.



Соңғы жаңалықтар