Мұнай өнімдері саласында заңсыз тарифтерді өсірген нарық субъектілеріне қатысты тиісті шараларды қабылдау шарт

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Петро Қазақстан сауда үйі» ЖШС жағармай бағасының өсуіне қисынсыз жол берген.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жанар-жағармай сату нарығындағы жағдайға тоқталған М. Есенбаев, күнделікті мониторинг мәліметі бойынша ақпанның 1-і мен 6-сы аралығында бензин мен дизель отыны бағасының өсуі үрдісі байқалғанын, бірақ бүгінгі күні жағдай тұрақтанғанын жеткізді. Қазіргі кезде жағармай бағасының қисынсыз өсуіне жол бермеу мақсатында агенттік «Петро Қазақстан сауда үйі» ЖШС-на, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз, «Гелиос», «Синойл» және басқа да нарық субъектілеріне қатысты тексеріс жүргізуде. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде «Петро Қазақстан сауда үйі» бойынша бағаның қисынсыз жоғарылауы анықталды. Заңға сәйкес аталған субъект бағаны өсіру туралы алдын ала Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен келісуге міндетті. Алайда олар бұл талапты орындаған жоқ және бұл қадам қатаң заң бұзушылық болып есептеледі. Сондай-ақ М. Есенбаев Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жаңа заңға сәйкес мұнай өнімдері саласында заңсыз тарифтерді өсірген нарық субъектілеріне қатысты тиісті шараларды қабылдау керектігін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар