Мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдайға байланысты депутат сауалына Үкімет басшысынан жауап келді

АСТАНА. Қазанның  7-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қыркүйектің 4-і күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бауыржан Смаилов ҚР Премьер-Министрі  Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдап, мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдайға байланысты мәселе көтерген еді. Депутаттың сауалын қолдап әріптестері Болат Қонарбай, Дауылбай Құсайынов, Наталья Геллерт қол қойған. Жуырда Үкімет басшысынан осы депутаттық сауалға жауап келді,

Мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы жағдайға байланысты депутат сауалына Үкімет басшысынан жауап келді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Үкімет басшысы өз жауабында:«Үстіміздегі жылдың 8 айында отандық мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) 704,6 мың тонна «Аи-80» маркалы жанармай өндірді. Жедел мәліметтер бойынша, қыркүйек айының 27 күнінде аталған маркалы жанармайдың 82 мың тоннасы өндірілген. Бұл өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішке қарағанда 107,3 пайызға өсіп отыр.

2009 жылдың 5 айы бойында ішкі нарықта мұнай өнімдерінің бағасы тұрақтылықты сақтады. Алайда, жазғы мерзімде (шілде-тамыз) «Аи-80» маркалы жанармайдың бағасы орташа алғанда әр литріне 13 пайызға көтерілді. Бұл, бірінші кезекте, экспорттың артуына байланысты болды. Көрші елдерге қарағанда Қазақстанда мұнай өнімін өңдеу бағасы бірнеше есе төмен. Мысалы, 10 қыркүйектегі мәліметті алсақ, «Аи-80» маркалы жанармайдың орташа бағасы Ресейде литріне 92 теңге болса, Қазақстанда 65,2 теңгеден келді»,  деп жазады.

Ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығының қалыптасуына жол бермеу үшін және жанармай бағасының тұрақтылығын сақтау мақсатында Үкімет тарапынан нақты шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың тамыз айында отандық МӨЗ-де мұнай өңдеу көлемі 17,5 пайызға арттырылды және 1 095,6 мың тоннаны құрады, ал биылғы шілде айындағы мөлшер 903,5 мың тонна болған еді. Қыркүйекте 1 200 мың тонна мұнай өңдейтіні жоспарланған, оның ішінде 225 мың тонна жанармай (өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 107,3 пайыздық өсімді құрайды) және 380 мың тонна дизель отыны (107,5) өндірілген.

Сондай-ақ Үкіметтің қабылдаған қаулысына сәйкес жанармайды (2010 жылдың 1 қаңтарына дейін) және дизель отынын (2009 жылғы 1 қарашаға дейін) шетелге шығаруға уақытша тиым салынды.

Сонымен бірге МӨЗ-ді дамытудың 2009-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген. Бұл жоспардың толыққанды жүзеге асуы ірі отандық МӨЗ-дерде мұнай өңдеудің жобалық қуаттылығын 17 млн тоннаға дайын арттыруға алып келеді. Және де мұнайды түпкілікті өңдеуді 90 пайызға дейін жеткізуге, сұранысты сапалы мұнай өңдеу өнімдерімен қамтамасыз етуге қол жеткізіледі.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің хабарлауынша, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің аймақтық құрылымдары арқылы жанармайдың талон бойынша жіберілуі және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу үшін қадағаланып отырады.

«Жанар-жағармайдың ішкі нарықтағы қалыптасып отырған жағдайын ескере келіп, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2010 жылы бекітілген кестеге сәйкес белгіленген баға бойынша Аи-80 жанармайын ауыл шаруашылығын өндірушілерге жеткізу мәселесін қарайтын болады» дегенөз жауабындаКәрім Мәсімов.