19:32, 20 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Мұнай рыногы өткен аптаны бағаның төмендеуімен аяқтады
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 17-сі, жұма күні мұнай бағасы төмендеп кетті. Enbridge Energy Partners LP компаниясына қарайтын Line 6A мұнай құбырымен шикізат айдауды жандандыру туралы хабар рынокқа кері әсер етпей қоймады,

деп хабарлайды РБК.
Қыркүйектің 17-сіндегі сауда қорытындысы бойынша, New York Mercantile Exchange-да WTI маркалы мұнаймен қазан айында жабдықтаудың фьючерстік келісімшартының бағасы 0,91 долларға арзандап, 73,66 долл/баррелді құрады. Лондонның InterContinental Exchange биржасында Brent Crude маркалы мұнайымен қараша айының келісімшарты 0,27 долларға төмендеп, 78,21 доллар/баррель белгісін құрады.