14:23, 28 Қазан 2009 | GMT +5
Мұнай сақтау орындарын заңсыз пайдаланып, қыруар қаржы тауып жүргендер тұтылды
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Қарағанды облысында «Жихан Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Е.Швецов мұнайды сақтау орындарын заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды.

Ол осы әрекеті арқылы 73 миллион теңге пайда тапқан. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, тап осындай қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан облысындағы «МИАВ» ЖШС директоры М.Жезбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның заңсыз әрекеттен тапқан пайдасы 89 миллион теңгені құраған.