Мұнай саласын дамытуға байланысты экономикадан бөлек жаңа экономика құру Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек - Қ. Келімбетов

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Мұнай саласын дамытуға байланысты экономикадан бөлек жаңа экономика құру Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек.
None
None

Бұл жайында бүгін "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің оқытушы құрамы және студенттерімен кездесу барысында айтты.

Қ. Келімбетов бұл жағдайда алдымен Қазақстанның бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерін пайдалану керектігін айтады. Ол - мұнайхимиялық өнеркәсіптер, металлургиялық, атом және агрошаруашылық салалары. "Бірақ оларды білікті кадрлар мен адам ресурстарынсыз іске асыру мүмкін емес. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындары алдында экономиканы әртараптандыруға қабілетті жаңа басшыларды дайындап шығару міндеті тұр", дейді аталмыш қордың төрағасы.

Жиын барысында еліміздегі технопарктерді дамыту төңірегінде қойылған сұрақтарға Қ. Келімбетов ол бағдарламаның 2003 жылдан бері қолға алынғандығын атап өтті. Оның айтуынша, Алматы маңындағы «Алатау сити» ақпараттық технология паркі еліміздегі ең ірі орталық болып табылады. "Алғашында Үкімет алдында IT, телекоммуникациялық компанияларды паркке тарту тапсырмасы тұрса, қазіргі күні біз жоғары білікті мамандарды дайындауды қолға алдық", дейді ол.

Соңғы жаңалықтар