Мұнай зауыттарын жаңғыртудан кейiн сатып алған дұрыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы iрi үш мұнай өңдеу зауыты модернизация жұмыстарынан кейiн ғана жекешелендiруге шығарылуы мүмкiн. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп беру кездесуiнде ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев мәлім етті.
Министрдiң айтуынша, модернизациядан кейiн Атырау мұнай өңдеу зауытында ғана ашық түстi мұнай өнiмдерiнiң өндiрiсi қазiргi 40 пайыздан 92 пайызға дейiн артпақ.
«Менiң ойымша, ең алдымен, мұнай өңдеу қуатын модернизациялау керек. Егер қазiр кәсiпорындарды сататын болсақ, оларды 40-50 жыл тарихы бар актив ретiнде сатамыз. Тиiсiнше, зауыттардың бағасы да қымбат болмайды», - дедi сұраққа жауап берген Қ.Бозымбаев.
«Сәйкесінше, мұнай өңдеу тиiмдiлiгi екi еседен жоғары болады. Бағасы да басқа болмақ. Сондықтан, ең алдымен, модернизация жүргiзген жөн. Осыдан кейiн iшкi нарыққа мұнай өнiмдерiн кiм жеткiзсе де, бәрiбiр емес пе? Бастысы, шикiзат, нақты ережелер және тиiмдi шарттар болауы тиiс», - дедi Қ.Бозымбаев.